Бұл бейне қолжетімді емес.
Кешірім сұраймыз.

Ырғынбек&Бақытнұр "Тәтті сезім" yrgynbek&bakytnur

Бөлісу
Ендіру
  • Жарияланды 2021 ж. 8 Қар.

Пікірлер • 3

  • aiana1994
    aiana1994  Жыл бұрын +1

    Жұптарыңыз жазылмасын, шығармашылық шабыт сарқылмасын! Ерекше жұпсыздар, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

  • Ырғын &Бақыт
    Ырғын &Бақыт  11 ай бұрын

    Қазақ елі мақтаным
    Әні:Ырғынбек Меденұлы
    Сөзі: Ырғынбек Меденұлы
    Орындағандар: Ырғынбек пен Бақытнұр
    Аспанында алтын күн арайланған,
    Асқарыңнан айбынды тарайды арман.
    Келешекке керегең кең жайылсын,
    Бақытына ұрпақтың сарай болған.
    Қасиетті қазақтың кең мекені,
    Мартебемді биікке өрлетеді.
    Басын қосқан алаштың байтақ далам,
    Бесігінде бірліктің тербетеді.
    Қайырмасы:
    Ұлан-қайыр жеріңменен,
    Астанадай төріңменен мақтан қазағым.
    Көк байрақты көгіңменен,
    Ел басатаған еріңменен шаттанан қазағым.
    Күндидарлі айналдаым сүйікті елден,
    Ортаймасын несібең жыйып-терген.
    Ата салтын ардақтап, ана тілін,
    Қазақ елім көрінсін биіктерден.
    Ұран етып татулық жарасымын,
    Жыр-ән етіп шежіре дала сырын.
    Аманаттап ұрпаққа мирас еткен,
    Қастерлейік халқымның бар асылын.
    Қайырмасы:
    Ұлан-қайыр жеріңменен,
    Астанадай төріңменен мақтан қазағым.
    Көк байрақты көгіңменен,
    Ел басатаған еріңменен шаттанан қазағым.











    Қазақтың кең жері

    Сөзі : Мақсұтқан Баркөл-Дәлейұлы
    Әні: Ырғынбек Меденұлы
    Алакөл, Арал, Кәспи, Балқаш, зайсаң,
    Аумайды ақ шуағын
    шашқан айдан.
    Көлдері-ай,қазағымның өзендері-ай!
    Алатау, Қаратаудай кезеңдері-ай!
    Қайырмасы:
    Ертіс пен Емілім,
    Жайық пен Еділім-
    Тербелген бесігім .
    Төсіңде өзіңнің,
    Тасыған теңізбін.
    Шалқыған сезіммін,
    Тауыңмен егізбін!
    Маңғыстау, Орал, Көкше, Бурабайым,
    Мен неге мейірлене жырламайын?!
    Сырлы Сыр, шұрайлы Шу- жер еркесі .
    Арқа, Алтай, Табағатай-өр еңсесі .
    Қайырмасы :
    Қазақтың кең жері,
    Көк айдын көлдері.
    Көк орай белдері...
    Төсіңде өзіңнің,
    Тасыған теңізбін .
    Шалқыған сезіммін,
    Тауыңмен егізбін!
    Үліңгір, Сайрам, Боғда ,Барыскөлім,
    Тұлпарлы ту қадаған намысты елім.
    Қазақтың сүймес сені қай баласы?!
    Халқымның ақ бесігі-сай-саласы!
    Қайырмасы :
    Орал мен Сауырдай,
    Орқашар,Жәйырдай,
    Нарынқол тауым бай,
    Төсіңде өзіңнің,
    Тасыған теңізбін,
    Шалқыған сезіммін,
    Тауыңмен егізбін!





    Бір жүрек
    Сөзі: Айсәуле Бейсенхан
    Әні:Ырғынбек Меденұлы
    Мен бақыттың сұрап қайтем басқасын,
    Жаратқаным жақсылыққа бастасын.
    Байлық, мансап, атақ, ақша түкте емес,
    Бір жүректің тыныштығын сақтасын.
    Қайырмасы:
    Бір жүркетің күлгенімен күлемін,
    Бір жүректің қайғысымен жүдедім.
    Бір жүрекке махаббатын силаған,
    Жанға ғашық екенімді білемін.
    Бір жүректің жетегінде кетермін,
    Жетсем көкке бір жүрекпен жетермін.
    Қызыл-жасыл дүниеге қызықпай,
    Бір жүректің әлегімен өтермін.
    Бір жүректің сыр моншағын тағындым,
    Бір жүректің сағынышын жамылдым.
    Бірінші алла одан кейін өмірде,
    Бір жүректің әміріне бағындым.
















    Мен тілеймін
    Сөзі: Бақытнұр Қызырбайқызы
    Әні: Бақытнұр Қызырбайқызы
    Орындаған; Дина Жамағатқызы
    Ата-анама тілеймін амандықты,
    Тәліміңнен талай сыр балаң ұқты.
    Әкешімнен үйреніп ізгілікті,
    Анашымнан үлгі екем адалдықты.
    Қайырмасы:
    Төрт түлігің қазағым,
    Сай болсын деп тілеймін!
    Әр отбасы қазақтың,
    Бай болсын!
    Қуанышың бақытқа,
    Айналсын деп тілеймін!
    Күнде осындай думанды,
    Той болсын деп тілеймін!

    Ауылдасқа тілеймін татулықты,
    Бауырласқа тілеймін жақындықты,
    Баянды боп бақытың туыстарым,
    Аламанда болса екен атың мықты!

    Намысымен болса екен ұл бөрікті.
    Ибасымен көрінер қыз көрікті.
    Нұрдан таза халқымның пейіліне
    Таусылмайтын тәңірім си беріпті.














    Тәй-тәй ботам
    Сөзі: Бақытнұр Қызырбайқызы
    Әні: Бақытнұр Қызырбайқызы
    Орындаған: Бақытнұр Қызырбайқызы
    Кернегені-ай қуаныш жүрегімді,
    Қабыл етіп жаратқан тілегімді.
    Қызығыңмен, тәп-тәтті қылығыңмен,
    Шаттықнұрға бөледің бұл өмірді.
    Қайырмасы:
    Тәй-тәй ботам, тәй-тәй,
    Қаз-қаз тұршы әй-әй.
    Балдай бала силаған,
    Өмір ғажап пай-пай.

    Айналайын құлыным бағым сенсің.
    Алғаш басқан қадамың құтты болсын!
    Тұсауыңды кестірдім ақтілекпен,
    Талабыңа нұр жауып, бақыт қонсын!

    Қайырмасы:
    Тәй-тәй ботам, тәй-тәй,
    Қаз-қаз тұршы әй-әй.
    Балдай бала силаған,
    Өмір ғажап пай-пай.

  • Ырғын &Бақыт
    Ырғын &Бақыт  11 ай бұрын

    Тәтті сезім
    Әні, сөзі: Ырғынбек Меденұлы
    Дәл осы шақтар қайталанбайды,
    Қайтармын ертең ауылға.
    Ешкімде жауап қайтара алмайды,
    Уақыттай нлкен сауалға.
    Қайырмасы:
    Сағынған сәттер әніме қосамын,
    Атыңды айтып әрдайым.
    Сағына жазған хатыңды тосамын,
    Сарыла күтіп әрдайым.
    Көңілді көркем самалы салқын,
    Осындай өтсе әр кешім.
    Кетуге қимай тұрсың ау бәлкім,
    Әкең іздесе қайтенсің.
    Қоштасар сәтте сөзің барма еді,
    Көңіліңе тұнған айтағой.
    Өз обалыңа өзің қалма енді,
    Анаң ұрсады қайта ғой.