Tap to unmute

«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 1-бөлім (Рус субтитр)

Бөлісу
Ендіру

Пікірлер • 1 099

  • Nmd
    Nmd 3 ай бұрын +939

    Текқана көзі ашық санасы таза ҚАЗАҚТАР көреді бұл сериалды.Мектептерде көрсету керек бұндай фильмдерді .

    • Nmd
      Nmd 2 күн бұрын

      @Рахымбек ауратын адам сен бұл жерде ,қандай дәлел бар сөзіңе?

    • Рахымбек
      Рахымбек 2 күн бұрын

      Міржақып рушыл, арғыншыл, трайбализм ауруымен ауыратын адам еді

    • Қарашаш ана
      Қарашаш ана Ай бұрын

      Дұрыс айтасыз , оқушыларға көрсету керек

  • Emir 𐰀𐰢𐰃𐰼 🇹🇷
    Emir 𐰀𐰢𐰃𐰼 🇹🇷 Ай бұрын +104

    Kazak kardeşlerim sizlerin bağımsızlığınız için nasıl bir uğraş verdiğinizi artık anlıyorum. 70 senelik bir uğraş resmen bu. Ve sonunda 16 Aralık 1991'de sonunda bağımsızlığınızı kazanmışsınız. Dilerim hep bağımsız kalırsınız. Türkiye'den Kazakistan'a selamlar, bize yardımlarınız için çok teşekkür ederiz. Sizin derdiniz, bizim derdimiz, sizin sevinciniz, bizim sevincimizdir.

    • Emir 𐰀𐰢𐰃𐰼 🇹🇷
      Emir 𐰀𐰢𐰃𐰼 🇹🇷 4 күн бұрын

      @Мадияр Тургын
      İyi ki varsınız. Doğru kardeş kardeşe iyi kötü gününde yanında olmazsa o kardeş olmaz.

    • Мадияр Тургын
      Мадияр Тургын 4 күн бұрын +1

      @Emir 𐰀𐰢𐰃𐰼 🇹🇷 Gardaşım biz biziz biz biriz kardeş kardeşe kötü mutlu günde yanında olmazsa kardeşmidir. Sizden bizim için çok şeyler yağtınız

    • Emir 𐰀𐰢𐰃𐰼 🇹🇷
      Emir 𐰀𐰢𐰃𐰼 🇹🇷 4 күн бұрын

      @Мадияр Тургын
      Bizim bizden başka kardeşimiz yok.
      Bir şiir vardı hatta onu öğrenince dedim ki; bizi unutmamışlar. Adı
      "Алыстағы Асы Шеккен Бауырым."
      Bu şiiri ilk okuduğumda ağlamıştım. Bizi unutmamışsınız. Her şey için minnettarım sizlere. 1 ay önce Kahramanmaraş merkezli deprem için bize gönderdiğiniz o otağlar, para yardımlarınız. Bizi çok duygulandırdı. İyi ki varsınız. 🇹🇷🤍🇰🇿 Көп рахмет Қазақстан.

    • Мадияр Тургын
      Мадияр Тургын 4 күн бұрын

      Kardeş candır kardeş her şey dır bizim devlet bizim ülke her zaman size memnundur sizi kardeş diye biliriz gerekirse nolursa olsun sizinle her yere gideriz. Türkün türkten başka kimsesi yoktur.

  • Айсулу Исанова
    Айсулу Исанова 3 ай бұрын +324

    Ел үшін, халық үшін жандарын пида еткен Алаш Ардақтыларына мың тағзым!

    • Хероям в срало
      Хероям в срало 27 күн бұрын

      🤣

    • ӘРУАҚТЫ СЫЙЛАЙЫҚ
      ӘРУАҚТЫ СЫЙЛАЙЫҚ 2 ай бұрын +3

      Аллаhу Тағалаға Сыйынайық 🕋
      Әруақты Сыйлайық 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 Ата-бабаларымызға Құран Хатым бағыштайық 📖 📖 📖 📖 📖 📖

    • Aidar Seitov
      Aidar Seitov 3 ай бұрын +3

      Әмин!!!

    • Marat A
      Marat A 3 ай бұрын +3

      амин

  • Аружан Турехан
    Аружан Турехан 3 ай бұрын +835

    Сезім қандай құдіретті. Ес білгелі осындай ардақты адамдарды естіп, оқып келе жатқаннан бері олардың батыл, қайсар мінездеріне әлі де тәнті болам, әлі де ғашық болам. Аллахтың құдіреті қанша жыл, ғасыр өтсе де ел арасында абыройлы жандар, өйткені ниеті таза, халыққа шын көмектескен Алаш ардақтылары. Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді. Кино үшін рахмет, ерен еңбектеріңіз ел арасында ақтала берсін.

  • Газиза Касым
    Газиза Касым 3 ай бұрын +515

    Көріп қазір көзіме өксік жас келіп отыр. Алла Тағала егемендігімізді мәңгілік етсін!

    • Qstan
      Qstan Күн бұрын

      Тар заман сериалындагы Міржақып ата рөлін сомдаған более ұқсайтын еді.
      Жалпы кино авторлары мен командасына рахмет

    • Балабек Даулетов
      Балабек Даулетов 4 күн бұрын

      Орысшыл санадан айырылу керек ол үшін, Алла Тағала сол орыс тілінен тез бас тартуды бұирсын

    • Gani Eraliev
      Gani Eraliev 2 ай бұрын

      Әумин 🤲

    • Молдир Калдыбаева
      Молдир Калдыбаева 2 ай бұрын +2

      Ассалаумағалайкум Керемет кино жылап отырып көрдім. Аллам Алаштың азаматтары Фирдауыс жәннатті нәсіп етсінші. Қазақ деген жүректерінен.👍👍👍👍👍

    • Маквин Маквин
      Маквин Маквин 2 ай бұрын +3

      Сол ғой тəуелсіздік бəрінен қымбат .Қара нан жесенде Аллаға мыңда бір шүкір осы өмірді аталарымыз көрмей кетті .

  • Samal Belgibaeva
    Samal Belgibaeva 3 ай бұрын +389

    Мен тарихи,әдеби кітаптарды өте көп оқимын,жаным ата-бабаларым жандарыңыз жанаттық болсын! Қазақ болып туылғаныма Аллаға шүкір😘

    • Саталиева Эльмира
      Саталиева Эльмира Ай бұрын

      @Ақиқат Сиз айтпакшы Руzzкий мир болмаганда казактын казак екенин билмей отуши ме едик.

    • Ақиқат
      Ақиқат Ай бұрын +1

      @Маквин Маквин Руzzкий мир келді солардың ісі Алла білуші

    • Намыс Қазақ
      Намыс Қазақ 2 ай бұрын +1

      @Дархан Умирбаев жаман адамда жоқ, егер өз әдебитімен танысып, өз ұлтын құрметтесе

    • Намыс Қазақ
      Намыс Қазақ 2 ай бұрын +1

      @Дархан Умирбаев сіз осы жазбаңыздың үстінен, 'перевести на русский' дегенді бассаңыз, түсінетін боларсыз

    • Ernur Omirserik
      Ernur Omirserik 2 ай бұрын +1

      @Маквин Маквин потому что 30жыл өтірік жаңалықтарды айтып құлақтан тепкен ушін шығар

  • Венера Джурабекова
    Венера Джурабекова 3 ай бұрын +143

    Кайран Қазағым ай? Не көрмедің? 😭. Ең бастысы, өз тілімізді ұлықтайық қазағым. Кандай әдемі тіліміз мәдениетті, жұмсақ астарлы. Ұрпақпарыңыз өз тілінде сөйлесін. Осыған аса мән беріңіздер!

    • Балабек Даулетов
      Балабек Даулетов 4 күн бұрын

      Қазақ тілі казыр абройы жоққо кім көтереді қазақ тілін 😮

  • Агжан Камалова
    Агжан Камалова 3 ай бұрын +108

    Мына киноны кандай асерли етип тусирген журегим жылап отыр казак болып туганыма мында бирисансыз шукир!!!!Тауелсиздигимиз жолында каншама тулгалар жан кидыгой аллам жаткан жерлерин жайлы кылсын!!😥😥😥

  • LIIAMRA
    LIIAMRA 3 ай бұрын +151

    Өзім оқып үйреніп, Ұлдарымды Ахмет, Мыржақып жолындамыз деп үйретіп, қайрап келемін. Өте керемет. Мектепте Алаш тану пәнін енгізу қажет.

    • Асель Самбетбаева
      Асель Самбетбаева 3 ай бұрын

      ондай пән бар ғой біздің мектепте Алаштану

    • LIIAMRA
      LIIAMRA 3 ай бұрын +9

      @Ақын қыз Әмина қиын емес, тарих пен әдебиет арасы, құрғақ дата мен оқиға болмау керек. Алаш идеясы, қайдан келді, нені көздеді, ұлттық Идеология, негізін қалап, іске асырған тұлғалар, олардың басынан өткені мен қалай кеткені анық, рас айтылуы керек. Он бір жыл емес, бұл пән тек бір жылдық программа, 8 немесе 9 сыныпта негізгісі, және 5 - 6 сыныпта қысқаша жеңіл түрі болса, онда әр қазақ деген ұл мен қыз қайралып өседі, ұлт мүддесі үшін еңбек етеді.

    • Абишева Рауан
      Абишева Рауан 3 ай бұрын +5

      Дұрыс айтасыз

    • Ақын қыз Әмина
      Ақын қыз Әмина 3 ай бұрын +4

      Соны бере алатын адам болса әрине

    • Халида Сантарбай
      Халида Сантарбай 3 ай бұрын +7

      Өте дұрыс аиттыңыз алаш танұ панін енгызұ керек

  • dr_aigerim
    dr_aigerim Ай бұрын +6

    Мен фильмді басынан аяғына дейін көріп,жүрегім ауырып жылап,арасында езуімді тарта күліп,тіпті уақыттың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалыппын.Қандай керемет фильм еді.Менің жан дүниеме ерекше қатты әсер етті.Елімнің тәуелсіздігі оңайлықпен келмегені ,осы күнімде еш уайымсыз өз елімде ,өз тілімде білім алып жүргенім бірінші Алланың екінші қазақ халқының азаттығы мен көкірек көзін ашу жолында жанын берген ұлы тұлғалардың еңбегі екендігі санама құйылып ,мына жалындап соғып тұрған жүрегіме дейін жетті.
    Осыдан кейін мен қалайша тыныш ұйықтамақпын,қалайша түске дейін ұйықтап жатпақпын.Осындай ағаларымнан үлгі алып,өз-өзімдіі дамытып,тілімді ,тарихымды ,елімді қадірлеп оны әрі дамытпай біз не бітіріп жатырмыз.
    Олар еліміздің азаттығы үшін өмірлерін қиған жандар ғой.
    18 жасыма дейін елімнің тарихын,тілін,діні мен салт-дәстүрін жүрегімммен зер сала оқымаппын.Бірақ,тарихты медицинада оқып жүріп оқып,елімнің басынан не өткенін оқып ,жан жүрегім езілді ғой.Осы заманда бейбіт елде тұрсақ та тым көп шағым айтамыз ғой,ал сол кездегі қазақ халқы не көрмеді деңізші.Олар небір алапат аштықты да,соғымты да ,жақындарынан айырылудың азабының да дәмін татты.Енді,қазір мен мәселе деп санап жүрген дүниелер бұлармен салыстыруға да келмейді ғой.Сол заман қандай мықты адамдарды тәрбиелеген еді.
    Мен өзгерге елімнің патриотымын деп жан дүниеммен мақтана айтатын едім,ал шындығын да мен патриот деген сөзге лайықтымын ба?
    Мені сен нағыз патриот емессің ғой деп кемсіткен жандарға айтарым,иә бәлкім сен үшін солай шығар.Бірақ мен сөзден ішке көшкен сәт -шын мәнінде кімнің кім екенін көрсететін болады.
    Осы соңғы жылда қазақ тілін құрметтемейтін,қазақша сөйлегенді ар санайтын не өз тарихын білмейтін жандарды көрсем ашуым келетінін байқадым. Енді әлемді өзгерткің келсе ӨЗІҢНЕН БАСТА деген сөзді өзіме ту етемпін!
    Менің құр сөздерім мен ара арсында ғана шығатын жүрек жанайқайым ешкімге де әсер етпейді,тек менің іс әрекеттерім және болашақта мен жететін жетістіктер ғана өзгелерге әсер ете алуыма себеп болатынын ұқтым.

  • Bagdat Kurmanbekov
    Bagdat Kurmanbekov 3 ай бұрын +71

    Ата- бабаларымыз, Міржақып аталарымыз қандай керемет кісілер болған жәндері жұмақта болса .Ол кісілерді тамаша сомдаған ағаларымызға, апаларымызға үлкен рақмет

  • Жанаргул Кулбаева
    Жанаргул Кулбаева 3 ай бұрын +48

    Осындай телехикаяны түсірген тұлғаларға мың алғыс. Көзден жаста кетті, жүректе сыздады. Қайран асылдарымыз. Сіздер қазірде керек едіңіздер😔

  • Aigerim Qyzaibay
    Aigerim Qyzaibay 3 ай бұрын +295

    Нағыз халқына қызмет еткен ұлтының ұлдары ғой, жандары жәннәтта болсын🤲🤲🤲

  • Bekberdi Myrzabek Amanbayulu
    Bekberdi Myrzabek Amanbayulu 3 ай бұрын +297

    Шіркін қазақ халқының барлық ұстазы Міржақыптай болса ғой.
    Біздің Үкімет хәм Мемлекет осындай ұлтжанды, идеологиялық фильм дерді көп түсіру керек.

    • Batyr Seidaxmetov
      Batyr Seidaxmetov 2 ай бұрын

      Жакан деп аит😀

    • Flip
      Flip 2 ай бұрын +2

      Сізбен келісем бірақ "Перевести на русский" деген батырмаға баспандаршы

    • Хамит Хуснитдинов
      Хамит Хуснитдинов 2 ай бұрын

      Киноқарппйымхалықкөрежбұндайфильмдіүкіметтегілерқарамайдымемлекеттіңидеологтармныңойымемлнкетюасшысыгыңойы.халқымны
      ...ңөмірінқалайжеңілдетенойыболукереколүшінүкіметтеылғиөзісінбілвтінтехнарьларболукернк. ...менің ойым.

  • Femida667
    Femida667 Ай бұрын +24

    Я плачу😭такой прекрасный сериал, который передал все тонкости и подлости того времени, показали какие достойные люди сражались за нас и за наше будущее, прекрасная игра актёров, за это отдельное спасибо, после этого сериала я очень пожалела что я русскоязычная казашка, ведь сам казахский язык- он прекрасен…

    • ArmanMyrza
      ArmanMyrza 21 күн бұрын +4

      Еще не поздно учить казахский,будущее русского языка в нашей стране я не вижу,так как доля русскоязычных постепенно снижается,в будущем только казахский и английский останется

  • Darkhan Dauletbek
    Darkhan Dauletbek 3 ай бұрын +19

    Алла жандарын жәннәтта қылғай, Алаштық аталарымыздай қазақ елінің өр ұрпақтары осы заманызға да жетіспей турғаны ай!

    • Ұлжан мекенбай
      Ұлжан мекенбай 3 ай бұрын

      Ендігі жаңа заман бізден басталса керек. Ешінен кеш жақсы, саналы ұрпақ болу, саналы ұрпақ тәрбиелеу өз сіздер мене біздердің қолда

  • Саналы Ұрпақ
    Саналы Ұрпақ 3 ай бұрын +88

    Білімге жету, зейін ашу бізге оңай келмегеніне тағы бір дәлел. Ұжымға алғыс! Шығармашылық табыс тілеймін! Кинотеатрлардан көрейік келесі киноларыңызды!👏👏👏

  • танцы танцы
    танцы танцы 3 ай бұрын +87

    БҰНЫМЕН ТОҚТАМАУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН!!!!! ОСЫНДАЙ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ МЕН ТАРИХЫМЫЗ ЖАЙЛЫ КӨРГЕН БІР ҒАНИБЕТ!!!!! ТАМСАНЫП КӨРЕ БЕРГІМ КЕЛЕДІ!

    • Балабек Даулетов
      Балабек Даулетов 4 күн бұрын

      Енді сенде бауырым казыр қазақ тіліне ет салсып жүрсең менде бәріміз оның өзі еңбек

    • Хамит Хуснитдинов
      Хамит Хуснитдинов 2 ай бұрын

      ТүкіибтеміжолыныңжобасынжасағвнТұңғышпайМұхаметжановтуралыжазсаңыздар?

  • Новости Казахстана
    Новости Казахстана 3 ай бұрын +102

    Осыны окып отырған ата анасы аман болсын 🤲🤲

  • Айсултан Дауылбаев
    Айсултан Дауылбаев 3 ай бұрын +136

    Қуанам осылай ата - бабаларымның кинолары шығып жатқанына 😘😍😍😍😍❤️

    • Едиге Рай
      Едиге Рай 3 ай бұрын +4

      Осындай, ата-бабалар жайлы кино шығып жатқанына қуанамын. Деп жазу керек еді.

  • Дана Мустафаева
    Дана Мустафаева 3 ай бұрын +52

    Қазақстан телеканалына және басқа түсіруге үлесін қосқан барлық жандарға мың да бір алғыс!
    Қазақ тарихын фильммен жеткізу өте керемет

  • Гулзат Сартай
    Гулзат Сартай 2 ай бұрын +11

    Өзім деп емес халқым деп жазықсыз жапа шеккен ұлы тұлғаларымыздың жаны жәннаттан болғай!🤲 фильм үшін еңбек қылған жандарға, идея авторларына мың алғыс!

  • Аргын Байтурсынов
    Аргын Байтурсынов 3 ай бұрын +146

    Мыржакып Дулатов достойный сын казахского народа! Отличный фильм 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

    • Sherkhan
      Sherkhan Ай бұрын

      @Алмас Абуов қазақтың тілінде әіңғүұқөһ-сіз жазатын адамнан не қайыр

    • Алмас Абуов
      Алмас Абуов Ай бұрын +1

      @Аргын Байтурсынов казах деп жаз ғанымыз дұрыс болар еді казак дегеніміз орыс әскері

    • ZHaKeeN-7112
      ZHaKeeN-7112 Ай бұрын +5

      Дулатов емес Дулатұлы мәңгүрт. Ов ев, вич ті орыстар алып келді. Қазақта фамилия деген болған жоқ.

  • Saltanat Bektegenova
    Saltanat Bektegenova 3 ай бұрын +28

    Өте керемет телехикая! Екі кезеңнің алмасып көрсетілуі, Ахмет.Ұлт ұстазындағы актерлардың өз рөлдерінде ойнап беруі, сол заманғы “школ” дейтін сөздердің түпнұсқада қолданылуы жақсы жеткізілген. Мектепте оқыған Міржақыпты жаңа қырынан танытқан, көкжиегімізді кеңейткен командаға алғыс!

  • Ardak Baizhanova
    Ardak Baizhanova 3 ай бұрын +100

    Керемет! Жас ұрпаққа өнегелі тұлғаларымызды танытып, өмірімен таныстырып, осындай туындының жарыққа шығуына үлес қосқан жандарға мың алғыс! ❤

  • Білімді болып өсейік

    Осы фильмнің шығуына үлес қосқан әр азаматқа алла разы болсын!

  • Жас
    Жас 3 ай бұрын +25

    Тамаша туынды, Алла разы болсын. Ел үшін құрбан болған батырлардың жаны жәннәтта болсын

  • AXI QIA z
    AXI QIA z 3 ай бұрын +4

    Қандай ауыр, әсерлі түсірілген! Неше жерінде жасымды тия алмадым!
    Ең әуелі анасының әкесін есіне алғандағы мұңлы әуен, терең тұңғиыққа батырып, көз жасымды әрең тиып отырдым!
    Келесі кезек Алаш көсемдерінің бір жерге жиналып, жақында ғана көрген Ахмет Байтұрсынды көргенде бірден көзге ыстық болды!
    Соңында Базарбектің сұр жылан боп келіп Жақыпқа қолын созып, Жақып қолын ұстаған сәтте көз жасым тия алмадым, өксікпен ағыл тегіл жыладым! Сондай ақкөңіл, ақ пиғылды, еш арамдығы жоқ ел арысы өз қазағым деп сене салды!😭😭😭😭😭Базарбек кейіннен Жақыптың адамгершілігінен әсер алып, түзу жолға түссе екен!
    Осындай ел арыстарын көз алдымызда өткендей қып түсірген барша қыз-жігіттерге мың алғыс!

  • Актолгай Амангелди

    Туындыны көріп отырып, ерекше толқыныста болдым🥺Бұл телехикаяны көргенде жүрегі қазақ деп соғатын әрбір адамның тебіренбей қоймасы анық❤

  • Айгуль Бейсенбина
    Айгуль Бейсенбина 3 ай бұрын +22

    Елім деген ерлерім. Шығармашылық ұжымға рахмет! Осы ағаларым қазір болғандааа жаңа Қазақстан қандай болар еді...

  • Wonderful Films
    Wonderful Films 3 ай бұрын +68

    КЕРЕМЕТ СЕРИАЛ!!! Ұлттық арна осындай сериалдар көп болса екен. Және астында жазылып тұрған титрлер үшін рахмет, басқа ұлт өкілдері қазақ тілін тез үйренетін болады!!!

  • Aizada
    Aizada 3 ай бұрын +19

    Мәңгі есімізде, мәңгі жадымызда.....🤲

  • Қарашаш ана
    Қарашаш ана 3 ай бұрын +94

    Керемет ! Тура қазіргі уақытқа керек ,
    Оян , қазақ !
    Кеш болса да шығып жатыр .
    Жақсы түсірілген . Ойнаған актерларға рақмет . Актерларды жақсы таңдаған .

    • Kazakhstan
      Kazakhstan Ай бұрын

      @qwertyasdzxc Сақтайтын тілінен басқа нең қалды ? Бұған да мұқтаж болып қалма Қазағым!

    • qwertyasdzxc
      qwertyasdzxc 2 ай бұрын

      енды нестик? оз арамызда котерилип, тауелсиздигимизди жогалтып алайык па?

  • Айкенже Арыстанова

    Шіркін ай десеңші жүрегім қан жылады көріп,көзімнен еріксіз жас кетті қандай азаппен өтті өмірден,елім,жерім деп ал қазір біз не істеп жүрміз 😭😭😭

    • K. B
      K. B Ай бұрын

      Қазір көбісінің оқығысы де келмейді ғой😭 Әрине, қазіргі мектеп жүйелері дұрыс жетелмеген, бірақ сонда да, сауатты болуға тырысу керек.

    • Angel_rblx●♡
      Angel_rblx●♡ 2 ай бұрын

      Келисем😭😭😭

  • Саяш Абсадыкова
    Саяш Абсадыкова 3 ай бұрын +37

    Жүрекке жеткен,өте әсерлі фильм.Жылап отырып көрдім.
    Арыстай азаматтарды қыршыннан қиған....😭😭😭

  • Айгерим Едресова
    Айгерим Едресова 3 ай бұрын +8

    Бабаларымызға мың тағзым!Баларым Астана каласында Міржақып Дулатұлы астындағы 68 мектеп гимназияда білім алып жатыр өте уаныштымын,мақтанышпен айтып жүремін!Білім ордасы да атына заты сай білікті мамандар жетерлік!Елім деген ерлеріміз көп болсын!

  • Гульфайруз Жусуповна

    Оқып, естіп жүрген дүниемізді телехикаядан кейін ғана жүрегіммен сезінген тәріздімін.Рақмет!✨

  • Шадияр Толепов
    Шадияр Толепов 3 ай бұрын +56

    Мыңда бир алғыс осы туындыны жарыққа шығарған Мұрат Есжан ағаның ұжымына🙌🏻🙌🏻🙌🏻✊🏻✊🏻✊🏻

  • Армани Tube
    Армани Tube 2 ай бұрын +2

    Машшаллах! Низкий поклон! 😢😢

  • Кино тамашалайық
    Кино тамашалайық 2 ай бұрын +7

    Осы туындының жарық көруіне үлес қосқан барлық адамдарға алғысымды білдіремін! Керемет әсер алдым, қай жағынан алсаңда сапалы, маңызды дүние екен!

  • инжу малек
    инжу малек 3 ай бұрын +35

    Режиссёр Мурат Есжан мырзага, букил командага рахмет🙏 Шексиз алгыс сиздерге🙏Енбектериниздин жемисин кориниздер. Саттилик

  • Perizat
    Perizat 8 күн бұрын +1

    Қазақ зиялылары мәңгі есімізде😭❤Аллаh жандарын жәннәттық етсін🙏

  • Медет Рақымбаев
    Медет Рақымбаев 3 ай бұрын +40

    Барлық арнадан кезек-кезек көрсетіп тұру керек. Жиі -жиі

  • Аскат Каукер
    Аскат Каукер 3 ай бұрын +5

    Қайран Алаштың ардақты көсемдері-ай, жандарың жанатты болсын! Өздеріңді өмірде көргендей болып қатты толқыдым. Киногер азаматтарға мың алғыс, тағыда құнды туындылар күтеміз!

  • Ретбек Мағаз
    Ретбек Мағаз 3 ай бұрын +40

    Әр деталдары тиянақты, толық, сенімді түсірлген екен. Келер бөлімін асыға күтеміз. Еңбек жана берсін!

  • NURIK НУРИК
    NURIK НУРИК 3 ай бұрын +16

    Мына кино мына сериал АЛЛАХЫМ КАЗАК ЭЛИНЕ ТЫНЧЫЛЫК ОНУГУ БЕРСИН

  • Жәнібек Есімсеріұлы

    Ең басында көрсеткен дала біздің ауыл. Міржақып атамыздың туған жері Қызбел ауылы. Әрі Міржақып атамыз бізбен рулас. Арғын тайпасының Мадияр руынанбыз

  • Perizat Saidova
    Perizat Saidova 3 ай бұрын +26

    Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Аналар ертеңгі өресі биік ұлды, ел тұтқа болар азаматты тәрбиелейтін біз. Саналы ұрпақ тәрбиелей алмасақ бізге сын. Мына тәуелсіздік үшін күрескен жандардың рухы үшін, болашағымыз үшін білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ол үшін алдымен өзіміз соған ылайық болуымыз керек. Оян, қазақ. Оян ана.

    • SS N.K
      SS N.K 3 ай бұрын

      Дұрыс айтасыз🙏

  • Балзия Бектегенова

    Кахакстан теле арнасынын президенти Ляззат Таныспайға жане осы кинонын сценаринин жазған авторларға ойнаған актерлерге бас иип рахмет айтамыз Торгайлыктардын атынан

  • Кульпаша
    Кульпаша 3 ай бұрын +59

    Кино өте шынайы шыққан,үлкен әсерде көз жасына ерік бердім. Актерлерге,режиссерлерге бүкіл шығармашылық ұжымға мың алғыс! Тағы да алаш ардақтыларына арналған туындылар күтеміз

  • Лаура Ли
    Лаура Ли 3 ай бұрын +28

    Керемет 👍🔥🔥🔥 Өлеңменен күйменен жақсы түсірілген 👏 Оян, қазақ! Актуальдігін 21 ғасырда да жоғалтпаған қара қазақты білімге насихаттайтын өлмес өлең екен

  • Mira888
    Mira888 3 ай бұрын +13

    Аллах істеріңізге береке берсін 🙏✊ Осындай мықты туындылар көбейе берсін.Аллах разы болсын сіздерге 🙏🤲✊🔥🔥🔥

  • Nurgisa Abilkasim
    Nurgisa Abilkasim 29 күн бұрын +1

    Жаны жәннатта болғай ата-бабаларымыздың! Қандай керемет, асыл тұқымды кісілер! Мақтан тұтамыз...

  • Асель Айдаровна
    Асель Айдаровна 3 ай бұрын +22

    Керемет, сөз жоқ 😍 Арда азаматтарымыз туралы осындай сапалы сериалдар шыққанына қатты қуанып отырмын ❤️‍🔥

  • Jasulan Sattar
    Jasulan Sattar 3 ай бұрын +3

    Еліміз үшін динимиз үшін қызымет еткен аталарымызға мың алғыс жандары жәннатта болсын 🤲

  • Сагындык Нуралыулы
    Сагындык Нуралыулы 14 күн бұрын +1

    Еліміз үшін, жеріміз үшін жан піда еткен аталарымыз. Осы кісілердің армандаған күні осы меді ағайын!
    Өзге елдің сұлтаны болғанша, өз еліміздің ұлтаны болайық!

  • Фатима Мөрлібек
    Фатима Мөрлібек 3 ай бұрын +33

    Недеген керемет көркем сериал! Жарайсыздар жас ұрпаққа,біздерге деген тарихи көрсетілім, үлкен өнеге✊👏

  • Жулдыз Аманбаева
    Жулдыз Аманбаева 3 ай бұрын +46

    Керемет, түсірілім. Рухы мықты қазақпыз. Рух болмаса ел бола алмас едік... 👍 Міне, тарих көріңіздер

  • Valar Morgulis
    Valar Morgulis 2 ай бұрын +14

    Еңіреп жыладымғой😢 Аллаһым егемендігімізді мәңгі еткей🤲🏻

  • Aiana Kasymbai
    Aiana Kasymbai 3 ай бұрын +46

    Өте керемет әсте тарихи сериал екен!!Барлығыңызға көруге кеңес беремін.Тарихи тұлғаларымыз жайлы осындай сериалдар көп шығуын мен де,халық та қалайтын секілді.Ал енді Міржақып Дулатұлы атамызға келер болсақ,бұл кісінің өзі өзі ұстауы,сөйлеу мәнері барлығы ерекше сезімге жетелейді.Осындай бабаларымыздың куәсі болған жан-дүние қандай керемет!!

    • Марат Алдибай
      Марат Алдибай 3 ай бұрын +2

      Пах,шіркін!! Әдеби Тілмен жазыпсыз ғой))👍👍👍

  • Zhaksh
    Zhaksh 3 ай бұрын +28

    СОЛ ДӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ !!! ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ !!! БЕТКЕ ШЫҚҚАН ҚАЙМАҚТАРЫ !!! СЫЛЫП АЛЫП, ТӨГІП ТАСТАДЫ ҒОЙ КӨРЕ АЛМАУШЫЛАР 😭

  • Айткуль Оспанова
    Айткуль Оспанова 3 ай бұрын +16

    Міржақып мықты, жан-жақты, қазақтың қамын жеген азамат болған екен! Тұлпарды да тани алды! Осындай асылдарымызды ертерек насихаттау керек еді. Міржақыпты “Халық жауы” деп оған жала жауып, орыс империясының жетегінде жүрген өз қандастарымыздың сатқындығына не деуге болады?

  • Норт Бильбао
    Норт Бильбао 2 ай бұрын +4

    Алга Казахстан, Казактардын кози ашык болсын .

  • Шұғыла Жарылқасым
    Шұғыла Жарылқасым 3 ай бұрын +12

    Аллам рақметіне алсын, баршасын🤲🏻

  • Uli JUZ
    Uli JUZ 3 ай бұрын +14

    Керемет туынды үшін рақмет!! Ұрпақ білсін тарихымызды, болашақта намысты, білімді ұрпағымыз болуы үшін ат салысайық! Қазақ болып туғаныма мақтанамын!

  • Салия Акбаев
    Салия Акбаев 3 ай бұрын +37

    Керемет жылап жылап көрдім бабаларымыз жайы жаннатта болсын тәуелсіздікіміз мәңгі болсын елім дейтін сауатты ұрпағымыз көбейсін

  • Алтынбек Айманов
    Алтынбек Айманов 2 ай бұрын +4

    мені кынжылтатын жәйт, неге қаралым сонш аз? қазаққа осындай атамыздың өмірі соншалықты қызық болмағаныма? әлі де біз қазақ ұйқыдамыз, бұл өте өкінішті 😢

  • Кутман Арзыкулов
    Кутман Арзыкулов 3 ай бұрын +26

    Кино укмуш,Улут устазы Ахмет Байтурсынов, Кызыл жебе,таар заман кинолордой мыкты чыгыптыр жашасын Алаш ордо. Кыргыз Казак бир тууган

    • Daulet Online
      Daulet Online 10 күн бұрын

      Жарайсың бауырым 👍

  • Акторе Торе
    Акторе Торе 3 ай бұрын +7

    Алаш арыстары жандарыңыз жәннәтта болсын.

  • Сабит Оспанов
    Сабит Оспанов 3 ай бұрын +17

    Мың алғыс керемет ғажап кино.
    Кім түсіргенін кімге рақмет айтарын білмеймін. Осындай аталарымыздың жанын беріп, қанын төкенің арқасында ел болдық. Әтең осы кісілер мемлекеті құрғанда қандай ғажап ел болатын едік. Әруақтар қолдап жүрсін.

    • Sveta Boranbayeva
      Sveta Boranbayeva 3 ай бұрын +1

      Мұрат Есжан,Айсәуле Әбілда

  • Айгерим Назар
    Айгерим Назар 3 ай бұрын +3

    Ерекше туынды, ерең еңбек үшін осы сериалға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс!

  • Мансия Башетова
    Мансия Башетова 3 ай бұрын +4

    Керемет фильм! Отбасымыз фильмді қарап шықты.Сондай әсерлі шыққан.Актерлер де керемет ойнап шықты.Қарап отырып,сол шаққа тап болғандай болып, қиын кезеңдерді,қуаныш пен қайғыны басымыздан өзіміз кешкендей болдық.Әп сәтті өзімізден өткізіп,көз жасымызға ерік бердік.Рахмет.сіздерге!Осындай ұлтжанды азаматтарымызды ұрпағымызға дәріптейтін фильмдер көбірек шыға берсін.Мың алғыс,сіздерге

  • АКЛАК2019 АКЛАК
    АКЛАК2019 АКЛАК 3 ай бұрын +33

    Басты рольдерді жақсы сомдаған. Алла риза болсын! 👍👍👍

  • Гулжанат - информатика, ҰБТ-ге дайындық

    “Оян қазағым”-деген жан дауысты естігенде мен не істеп жүрім деген ой түйдім.

  • Сандугаш Нуракова
    Сандугаш Нуракова 2 ай бұрын +2

    Құтты болсын!Осындай тарихты қозғайтын туындылар көп болса екен.👏👏👏

  • Ұміт Сенім
    Ұміт Сенім 3 ай бұрын +2

    Өте жоғары деңгейде түсірлген екен, Алла разы болсын сіздерге. Еңбектеріңіз жемісті, ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын,Қазақтың Алаштың кімә екенін халыққа тамаша жеткізе білдіңдер, Көріп отырып, көзімізден алты тарам жас ақты. Жұрекке жеткізе білген, ұжымға мың алғыс, Режиссер балам ,барлық алаш зиялылары на арналған туындыларың көп болсын....

  • Бексултан Кара
    Бексултан Кара Ай бұрын +1

    Аллаһ рахметіне алсын бабаларымызды.(Әмин)

  • Қалқаман Абдрахманұлы

    Сөзім жетпейді… Көзге еріксіз жас оралды. Өте әсерлі… Рақмет!

  • Perizat Saidova
    Perizat Saidova 3 ай бұрын +14

    Ұлттық арна десе нағыз ұлттыққой. Мепейлеріңіз үстем болсын басты арна, ұлттық арна

  • Қарақат Ахмет
    Қарақат Ахмет 3 ай бұрын +19

    Осындай тарихи маңызы бар дүниелер көп болсыншы

  • Мади Мамытов
    Мади Мамытов 3 ай бұрын +20

    Қазақ десе жанын берген тұлғалар ғой, жандарың жәннатта болсын.

  • dark ned
    dark ned 2 ай бұрын +1

    Душа аж начала плакать...

  • АКЛАК2019 АКЛАК
    АКЛАК2019 АКЛАК 3 ай бұрын +21

    Керемет фильм! Алла риза болсын! Ұжымға мың алғыс бас иемін!👍👍👍👍👍 Қазақ әлі ұйқыда😭😭😭

  • Зарина Муратова
    Зарина Муратова 3 ай бұрын +11

    Керемет қазақфильм! Сөз жоқ. Рөл сомдаған актёрлар жарайсыздар. 👏🏻👏🏻👏🏻

  • Dariga Tg
    Dariga Tg 3 ай бұрын +22

    Керемет туынды, рахмет үлкен тарихқа деген қызығушылығым артты, оқушы ретінде айтсам кітаптан емес фильмдерден сериялдардан тарихты түсініп қызыға бастадым.🤍

  • Досик Адилов
    Досик Адилов 2 ай бұрын +1

    Ризамын. Осындай алып тұлғаларымызды мектепте тым ерте оқытады деп ойлаймын! Тіпті әскер жасына дейін жастарға әбден сіңдірсе, шіркін. Бүгінде ел тонаған парақорлар аз болар ма еді?!
    Және Бауыржан атамыз туралы сериал қайта жаңғырса екен 🤲🏼

  • Бибайша Сериева
    Бибайша Сериева 3 ай бұрын +7

    Міржақып атамыздың рөлін сомдаған Бақыттың актерлік шеберлігіне тәнті болдық.Өте керемет алып шықты.

  • Асыл Арғын
    Асыл Арғын 3 ай бұрын +4

    Қазақ тарихта мың өліп мың тірілді, алайда небір қиын қыстау замандардада тектілігін тегін ұмытпады, осы елдің қамы үшін жанын қиды, барын қиды, ендігі сол кісілердің болмысын істеген қызметтерін ұмытсақ бізге ұят.

  • Aser
    Aser 2 ай бұрын

    Маңдайға симай кеткен арысым-ай! Сенімен жерлес болғаныма , қазақ болғаныма қуанамын! Жатқан жері жәннәттә болғай! 🤲🏻 (қазағың әлі де ояна алмай жатыр ғой...)

  • Əлия Жанғазы
    Əлия Жанғазы 3 ай бұрын +20

    Көріп отырып,көзіме жас үйірілді😢

  • Маке Макеев
    Маке Макеев 2 ай бұрын +1

    Дәл осы Алаш Арыстары Қазақ Батырлары секілді Азаматтары Қазақ жерінде қайта пайда болса және осы уақытта өмір сүріп жатқан Қазақтың әр азаматына Алаш Арыстарының Рухы дарысын! Әумин 🤲🇰🇿

  • Жанна Кайкыбаева
    Жанна Кайкыбаева 3 ай бұрын +18

    Керемет .Бабаларымыздың жаны Жәннатта болғай

  • Balzhan Zhilkybaeva
    Balzhan Zhilkybaeva 2 ай бұрын +3

    Керемет! Осындай кинолар көбірек түсірілсе! Алаш арыстары туралы,басқа да тарихи тұлғалар туралы.Осындай кинолар насихатталса,жарнамаланса,мектеп оқушылары мен студенттер көрсе дұрыс болар еді. Тарих пен әдебиеттен мол мәлімет алар еді.Киноны түсірген ұжым мен актерларға рахмет.Қазақ киносы дамып келе жатқанына қуаныштымын.Міржақып роліндегі актердың шеберлігі керемет!

  • Бауржан Жаугашаров

    Қайырлы таң !!! Есіл азаматтарға мың тағзым!!! Ойлары зерек,терең білімді азаматтар бір ғасырдың ісін қысқа ғұмырында жасап кеткен ,алысып-жұлысып жүріп шовинизммен.Рухтарына бір Фатиха🤲

  • Ainur Taskurmanova
    Ainur Taskurmanova 3 ай бұрын +6

    Алыптардың жандары жаннатта болсын!

  • Марджина
    Марджина 3 ай бұрын +6

    Керемет. Осындай фильм түсірген ,осы фильмге ат салысқан барша азаматтарға мың алғыс. Респект.Жеңіл желпі келіннің байын кемсіткен кинолардан шаршадық. Оянатын уақыт келді.

  • Еркеболан Иманбаев

    Мың өліп ,мың тірілген қазақ, қияметке дейін жететін халық

  • Акнур Сансызбай

    Өкініштісі қарқынды халық арасында дамитын киноның қаралымы аз болғаны💔 Шыныменде нағыз қазақтар көретін кино болса керек👍 Жоғары деңгейдегі сапалы кино❤️

  • Жамиля Кудайназарова

    Жандарым Ата-Бабам аруагы казагымды колдашы Аллам саган казагым аманат. Алга Казахстан 🇰🇿

  • Мадина Чабаева
    Мадина Чабаева 2 ай бұрын

    Өте әсерлі😢тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, біртуар азаматтарымыздың арқасында, бейбіт өмір сүріп жатқанымызға, мың шүкір👍